ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралап, тұрғындарды толғандыратын мәселелермен жіті танысып жүр. Шығысқа келген Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин облыс орталығындағы бірнеше нысанды аралап, әлеуметтік мекемелерге барды. Сала мамандарының сауалына жауап берді.
Асылбек Нұралин алдымен Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйіне барды. Мұнда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленеді. Мекемеде медицина, педагогика және психология саласындағы білікті мамандар қызмет атқарады. Балаларға қажетті жағдай жасалған. Тәрбиеленушілерді оңалту бағдарламалары, денсаулығын қадағалау қарастырылған.
ГҮЛМИРА МИРХАТ, ӨСКЕМЕН Қ. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі таңда бізде әр-бір топтың өзінде алты баладан, сегіз балаға дейін. Біздің тәрбиеленуімізде нөл жастан төрт жасқа дейінгі балалар. Төрт жастан кейін басқа мекемеге ауыстырылады. Бізде арнайы мамандандырылған мекемен болғандықтан логопеттер мен ЛФК мамандары жұмыс жасайды. Психолог кабинетін көрдіңіздер. Өте ауқымды манасорика кабинетіміз бар сондықтан балалар барлық жағдайды көмекті алып жатыр деген үміттеміз. Мәселелеріміз бар жоспарларымыз да осы жылға көп. Биылғы жылы тұзды бөлме ашып беру балаларға. Сол жоспарды биыл іске асыруға тырысамыз.
Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Нұралин мекеме қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың жұмысына қолдау білдіретінін жеткізді.
АСЫЛБЕК НҰРАЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Басты мақсатым осы Шығыс Қазақстан аумағындағы әлеуметтік нысандарды қарап өту. Әсіресе балалалардың қалай тірбие алып жатқандарын көру. Дом юношествада болып қайттық қазір міне кішкентай балалардың мекемесіне келіп жатырмыз. Барлығы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Енді менік келгендегі басты ойым осы білейін деп қалай болып жатыр, қандай көмектер керек, заң тұрғысынан осы мәселелерді қолайлы шешу үшін. Ең соңында облыс әкімімен кездесеміз. Мүмкін болса сол жерде де қандай шешілмей жатқан жағдайлар бар соларды жеткізіп айту.
Балалар үйінің мамандары жиын барысында өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, маман тапшылығы, жалақы көлемін арттыру және әлеуметтік қолдау тетіктерін қарастыру жағы сөз болды. Бұдан бөлек, аталған мекеме денсаулық сақтау саласына қарасты болғандықтан, тәрбиешілерге беріліп келген санаттық үстемақының алынып тасталуы мүмкін екендігі алаңдаушылық тудырып отыр.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Нұралин кездесу барысында көтерілген мәселені жауапты министрлік өкілдеріне жеткізетіндігін айтты.
НҰРТАС ҚАЙРОЛДАЕВ