Өңірге жұмыс сапарымен келген Омбы облысының делегациясы ірі кәсіпорындардың бірі – «Восток-Молоко» корпорациясының жұмысымен танысты. Делегация мүшелері сүт өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндіріс барысын бақылады.
«Восток-Молоко» корпорациясының өнімдері тек отандық, табиғи шикізаттан дайындалады. Адам ағзасына зиян өсімдік майлары қолданылмайтын кәсіпорында сапа стандарты қатаң сақталады. Сүтті жеткізу мен қабылдаудан бастап, дайын өнім даяр болғанға дейін әр кезең толық бақылауда болады.
АНДРЕЙ ШПИЛЕНКО, ОМБЫ ОБЛЫСЫ ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Омбы облысынан келген кәсіпкерлер мен билік өкілдері кәсіпорынның ауқымына шын мәнінде тәнті болдық. Өзімізде де сүт өнімдерін өңдеу жақсы жолға қойылған деп ойлайтын едік. Бірақ «Восток Молоко» корпорациясынан ерекше әсер алдық. Ең бастысы - кәсіпорын тек табиғи өнім шығарады. Құрамында ешқандай қоспа, алмастырғыш майлар жоқ.
Заманауи технологияның мүмкіндігін пайдаланған кәсіпорын дәстүрлі әдістерді де ұмыт қалмырмаған. Делегация өкілдері өндіріс орынын жүйелі дамыту мен жаңғыртуға аса мән бергенін атап өтті. Кездесу барысында тараптар өзара әріптестік орнатуға қызығушылық танытты.
АНДРЕЙ ШПИЛЕНКО, ОМБЫ ОБЛЫСЫ ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Кәсіпорын иелерінің дәстүрлі жүйені ұмытпағаны қатты ұнады. Корпорация үнемі жаңарып, заманауи бағытта дамып келеді. Жоспарлары да ауқымды. Егер болашақта өндірісті әртараптандырып, кеңейтеміз десе, біз Омбы облысында осындай кәсіпорын ашуға көмектесуге дайын екенімізді жеткіздік. Ал қазір әріптестерім секілді мен де өнімнің дәмін татуға асығып тұрмын.
Сапар соңында делегация мүшелері кәсіпорын өнімінің сапасына жоғары бағасын берді.
ДИДАР ЕРБОЛАТҚЫЗЫ