ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Нұралин Өскемендегі «Страна чудес» түзету және оңалту орталығынада барды. Мұнда депутат ерекше қажеттіліктері бар балалардың жай-күйімен танысып, мамандармен дидарласты.

 «Страна чудес» орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларға және олардың отбасыларына кешенді көмек көрсетіледі. Балалар жасына және бейіміне қарай топтарға бөлінген. Мұнда келушілер оқу сауаттылығы мен математика, қазақ тілі сияқты негізгі пәндермен қатар музыка, аспаздық өнер, денешынықтыру және шығармашылықпен айналысады. Орталықтың жұмысымен танысып, ұжым қызметкерлерімен әңгімелескен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты мекеменің қызметін жоғары бағалады.

АСЫЛБЕК НҰРАЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жақсы жұмыстар істелініп жатыр басшылары да. Осы жердегі жергілікті кәсіпорындар үлкен тау – кен металлургия саласы да көмек беріп жатқанын айтып жатыр. Естіп білдік. Біздің тарапымыздан парламенттік кеңесінің заң шығарушы орган болғаннан кейін біз ойлаймыз көмек керек болса сол заңға кіргізіп, қаржыландыру мәселелерін шешіп, бүгінгі дәрі – дәрмек мәселесін көтеріп жатыр. Сол сұрақтарды денсаулық министрлігімен, еңбек министрлігімен ақылдасып шешуге тырысамыз.

“Страна чудес” орталығында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Лилия Мамбурова мұнда балалардың дамуына қолайлы жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

Лилия Мамбурова, «Страна чудес» түзету және оңалту орталығының басшысы:

Түзету балабақшасында 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Оларға аутистік спектрінің бұзылысы диагнозы қойылған. Жалпы балабақшада мемлекеттік тапсыры бойынша 72 бала тәрбиеленеді. Сонымен қатар, орталықта бастауыш мектеп қарастырылған. Онда 55 ерекше дамуы бар бала білім алады.

Мамандар алда балалардың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған түрлі бағдарламаларды жүзеге асырмақ.


ГҮЛДАНА АЙДАРҚЫЗЫ