Аймақта облыстық мәслихаттың мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде аймақты дамыту, азаматтық қауіпсіздік, құрылыс саласында заң талаптарының сақталуы, азаматтармен кері байланыс орнату тетіктері қаралды. Сессияға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина, аймақ басшысының бірінші орынбасары Жақсылық Омар, салалық басқарма басшылары қатысты.
Кезекті сессияда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қатысты бірқатар өзекті мәселе қаралды. Облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков есептік баяндамасын ұсынып, депутаттық корпустың өткен кезеңдегі қызметін қорытындылады. Сессия барысында коммуналдық қызмет, экология, тұрғын үй саясаты, инфрақұрылым және заңнамалық бастамалар бойынша қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар талқыланды.
ДЕНИС РЫПАКОВ, ШҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
ШҚО-ның 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары өткен жылдың желтоқсан айында облыстық мәслихаттың кезекті 19-сессиясында қаралған болатын. Биыл өңірдің келесі бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарын әзірлеу көзделіп отыр. Осыған орай, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына депутаттарды және мүдделі басқармаларды белсенді түрде тартуды сұраймын. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру ісіне бір кісідей жұмыла кірісуіміз керек.
Жиында алғашқы қаралған мәселелердің бірі гидротехникалық құрылғылардың жай күйіне қатысты. Облыстағы мұндай 34 нысанның 3-еуі апаттық жағдайда. Соңғы 13 жылда күрделі жөндеуденде өтпеген. Бұдан бөлек, маман тапшы, қолда бар құрал-жбдық тозған. Жиында депутаттар қайта жаңғырту жұмыстарына кезең-кезеңмен қаржы бөлу мәселесін көтерді.
АРМАН ЕСЕНТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Гидротехникалық нысандарды зерттей келе, жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажеттігі анықталды. Осыған орай, бес нысанда қажетті шараларды жүзеге асыру үшін, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 67 млн. теңге бөлінді. Енді су қоймасын келер жылы мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 184 млн теңге қаражат қажет. Самар ауданындағы Лайлы су қоймасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзір, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамада. Ал Айыртау ауылы маңындағы Ұлан өзеніндегі су қоймасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 45 млн. теңге, ал жалпы, жеті су қоймасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 229 миллион теңге қажет.
Бұдан бөлек мәслихат отырысында құрылыс басқармасының басшысы Рустам Акрамовтың сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы есебі тыңдалды. Басқармада үш тәуекел анықталып, ұсыныстар жолданған. Мәслихат заңнама талаптарын сақтау және алдын алу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.Ал атқарылған істер туралы толық есеп 2025 жылдың 15 желтоқсанында ұсынылуы тиіс.
РУФАТ АКРАМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
2024 жылы басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, 3 тәуекел анықталды. Ұсыныстар министрліктің тиісті комитетіне жолданды. Қызметтік үй-жайларда бейнебақылау камералары орнатылған, мамандарға қоғамға жат мінез-құлыққа жол берілмейтіні ескертілді.Құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Басқарма ашықтықты арттыру үшін семинарлар өткізіп, БАҚ-пен тығыз жұмыс істеп келеді.
Мәслихат сессиясында көтерілген әрбір мәселе – облыстың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен азаматтық қауіпсіздігі үшін маңызды. Енді қабылданған шешімдердің уақытылы және сапалы орындалуы – атқарушы органдар мен депутаттық корпус назарында болмақ.

НҰРТАС ҚАЙРОЛДАЕВ