Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы бәсекесінде жартылай финалға жолдамаға алған қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қатары көбейіп келеді. 30 дан аса елден келген боксшылар бақ сынап жатқан бәсекеде жерлестеріміз өз шеберліктерімен жанкүйерлерін қуантуда.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Наталья Богданова бразилиялық қарсыласымен шаршы алаңға шығып, ұпай саны бойынша жеңіске жетті. Алғашқы раундты төрте бір есебімен өз пайдасына шешкен жерлесіміз. Алайда үзілістен кейін қарсыласы ширақ қимылдай бастады. Енді шабуыл өтінде болмаса, жеңіс өзгенің еншісінде кеткендігін түсінген Богданова барын салды. Тіпті қарсыласын бір мәрте есеңгіретіп алып, жартылай финалға шықты.

НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА, ӘЙЕЛДЕР БОКСЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жеңіске мерзімінен бұрын қол жеткізгім келген. Бапкерімізбен сондай тактика құрып шықанбыз. Жергілікті жанкүйерлдердің қолдауын ерекше сезініп жатырмыз. Ел сенімін аяқтау үшін алдағы кездесулерде аянып қалмай, халқымды қуанту үшін барымды саламын.

55 келі салмақтағы Махмұд Сабырханның жекпе жегін асыға күткен жанкүйер оның өнеріне тәнті болды. Алайда бірінші раундта филипиндік Махмұдқа қарсы есеп ашқанда зал толы көремен арты қалай болар екен деп алаңдап қалған. Дегенменде ел сенімін ақтау үшін барын салған Сабырхан екінші раундта қарсыласын соққының астынан алды.Үш мәрте қатарынан есеңгіретіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, жартылай финалға жолдама алғандардың қатарын толықтырды.

Өзінің шаршы алаңдағы алғашқы жекпе жегін өткізген Сабыржан Аққалықовта жүлде үшін бақ сынайтындар қатарында. Ол канадалықпен қолғап түйістірген. Жекпе жек барысында ұтылып жатқан. Бірақ бапкерлер ақылына қанығып, дұрыс тактика қолдана білген ол, жеңісті жұлып алды. Аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай италия боксшысымен шаршы алаңға шыққан. Айбектің жаңа салмақтағы екінші ірі жарысы өткен жылы құрылықтық додада топ жарғаннан кейін әлем кубогында бақ сынауда. Жекпе жек тартысты болды. Тіпті үшінші раундта бокс ережесін бұзғаны үшін екеуінде төреші ескерту берді. Дегенменде ұпай саны бойынша Айбек жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ, ҚР БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Ол салмағын төмендетіп, жеңіл бокстасқан. Қазір салмағы жоғарлағандықтан кішкене қимылдықтары өзгерген. Сондықтан бұны біз қазір жылдамдыққа. Қай спорт болмасын жеңіске жылдамдық жеткізеді.

60 келі салмақтағы Серік Теміржанов жапониялық қарсыласына есе жіберіп жарыстан шығып қалса, 57 келіде Айдана Забынбекова мен 80 келідегі Айбек Оралбайдың қарсыластарының кездесуден бас тартуына байланысты екеуіде жартылай финалға шықты. Шаршы алаң бәсексін Казспорт арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.