Облыс орталығында судья және сот қызметкері күніне арналған салтанатты шара өтті. Сала мамандары сот төрелігін іске асыруға және еліміздің сот жүйесіндегі заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
2022 жылдан бастап елде судья және сот қызметкері күні атап өтіледі. 1992 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін «Қазақ ССР сот құрылысы туралы» Заңға алғашқы түзетулер қабылданды. Осылайша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, сондай-ақ облыстық, қалалық, аудандық және жаңадан құрылған әскери соттардың сот төрелігін жүзеге асыруы бекітілді.
ТӨЛЕГЕН ТҰРҒАМБАЕВ, ҚР СУДЬЯЛАР ОДАҒЫНЫҢ ШҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
ШҚО судьялары және мамандарын ШҚО бойынша үлкен мейрамда қосылып, бас қосып жиналып отырмыз. Себебі сот жүйесінің және мамандардың күнін атап өтуге. Қысқаша айта кетсем 4 жыл болды атам өткенімізге. Оның алдында сот күні мамандардың күні болып арнайы ондай күн өткізген жоқпыз. Аталған жоқ. Үлкен мәртебе.
ТОҒЖАН КИРЕЕВА, СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРІ:
Атаулы күн жоғары деңгей де өтіп жатыр. Мен елдегі сот жүйесінде қызмет ететін барлық мамандарды шын жүректен құттықтаймын. Еңбектері еленіп, жұмыстарының жемісін көрсін. Жұртшылықтың әділдікке деген сенімі көбінесе судьялардың кәсіби біліктілігіне, кез келген істі қараған кезде ұстанымына берік болып, бейтараптық таныта алуына тікелей байланысты. Осы маңызды әрі жауапты миссия терең құқықтық білімді, заң үстемдігін үнемі бәрінен биік қоюды талап етеді.
Жиынға ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Салтанатты бөлімнен кейін қатысушылар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.
ГҮЛДАНА АЙДАРҚЫЗЫ