Елімізде азық-түлік бағасын тұрақтандырудың ең тиімді жолы отандық өнім шығарып отырған кәсіпкерлерді қолдау. Әсіресе, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың көлемін арттыру қажет. Ал, ішкі нарықты өз өнімімізбен толық қамтуға мүмкіндік мол. Мәселен, Өскеменде 6 жылдан бері шұжық өнімдерін шығаратын цех жұмыс істеп тұр. Облыс орталығының басшысы Жақсылық Омар кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы даму жоспарын көрді.

«ВостокТехноСнаб» шұжық өнімдерін шығары жатқандығын қала тұрғындарының көбісі біле бермейді. Кәсіпорын 11 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Мекеме тәулігіне 1,5 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Цехта шұжықтың 30-дан астам түрі шығарылады. Былтыр Алматыда өткен отандық тауар өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM-2023» көрмесінде «ВостокТехноСнаб» жеңімпаз атанған.

Жергілікті тауар өндірушілердің бірі – «Ұлан-Өскемен ет-консерві зауыты» ЖШС. Зауыт тек шығысты емес, бүкіл Қазақстанды консервіленген ет және балық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Бұдан соң, Өскемен әкімі облыс орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Алдағы уақытта қаладағы 20 көше жаңа кейіпке енеді. Қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталды.

Облыс орталығының әкімі қалдағы жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуі тұрақта бақылауда болатынын айтты.