Бір емес, бірнеше өнерді бойына сыйдырған, білімі терең жандар бар. Нағыз шығармашылық адамы Лидия Астафьева сондай тұлға. Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, шын талант. Күні бүгін 85 жылдық мерейтойын атап өтті. 

Осындай керемет дауыс иесі – Лидия Астафьева. Ол бала кезінен әртіс болуды армандаған. Бүгінде физика-математика ғылымының кандидаты, суретші, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Сексеннің сеңгірінен асқан қартты мерейтойымен құттықтап достары мен жанашырлары келді. Гүл шоқтарын табыстап, сый-сыяпаттарын тарту етті. Әннен шашу шашып, құрмет көрсетті.

85 жылдық мерейтойының дәл осындай деңгейде тойланатынын білмеген Лидия Астафьева дән риза. Көңілі құлазып, қуанышын жасыра алмады.

Қазіргі таңда арнайы қызмет көрсету орталығында 107 қызмет алушы бар. Орталық 120 адамға шақталған. Ерболат Ошақбаевтың айтуынша, мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрады. Қайырымдылық шарасы бұдан былай да жалғасын таппақ.

Салтанатты шара соңында ортада кішігірім дастархан жайылды. Ән айтып, би билеп қонақтар одан сайын отырыстың сәнін аша түсті.