Қаладағы кітапханалардың бірінде жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандарға автордың шығармалары ғана емес, сонымен қатар оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер де назарға ұсынылды.
Биыл қазақтың қабырғалы қаламгері, қаламы қарымды журналисі, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толды. Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ аулында дүниеге келген. Жазушының «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Ахметжанның анты», «Мылтықсыз майдан» повестері, «41-жылғы келіншек», «Интернат наны» әңгімелері, «Қара маржан», бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдары, «Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда», «Бір кем дүние» кітаптары жарық көрген.
Сондай-ақ, көрмеге Шерхан Мұртазаның көптеген шығармалары қойылған. Оқырмандар автордың "Қызыл жебе", "Ай мен Айша", "Соғыстың соңғы жесірі", "Жүрекке әжім түспейді" сынды шығармаларымен таныса алады.
Көрменің басты мақсаты кітап арқылы ақынның шығармаларына оқушылардың қызығушылығын арттыру. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру.