Сайлау процесінің ашық әрі әділ өтуі тікелей коммиссия мүшелері мен байқаушыларға байланысты. Өңірдегі сайлау учаскелерінде бүгін 1000-нан астам тәуелсіз байқаушы жұмыс істеді. Алдын-ала арнайы семинар-тренинг өтіп, сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін олар өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарды.

Өскемендегі дауыс беру учаскелеріне ағылған халықты қарасы бүгін қалың болды. Тіпті тұрғындардың біраз бөлігі түске дейін өз таңдауын жасады. Қалалық №75-ші сайлау учаскесінің байқаушысы Ерсұлтан Кеңесбеков бұл жерде тәртіп басты назарда, заң талаптарының бұзылуына жол бермедік, - дейді.

Сайлау учаскелерінде бүгін байқаушылардың бірнеше санаты болды. Олардың құрамында кандидаттардың сенімді тұлғалары, тәуелсіз, саяси партиялардың өкілдері мен халықаралық байқаушылар қырағылық танытты.