Сенат отырысында бірқатар заң жобалары талқыланды. Оның ішінде, еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайту және бірыңғай төлемді енгізу туралы норма бар. Нақты айтқанда, қазір микро және шағын бизнес субъектілері еңбекақы төлеу қорынан 34,5 пайыз төлейді. Ал 2023 жылдан бастап біртіндеп 2028 жылы 26,3 пайызға дейін өсе отырып, 20 пайыздық бірыңғай төлемді ерікті негізде төлеу ұсынылады.