Шығыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы өтті. Бұл апталықта жаппай ағаш көшеттерін отығызу шарасы ұйымдастырылады. Игі бастамадан облыс халқы шет қалмады. Өскемендегі«Қазақстан» тауына белсенді жастар мен қала тұрғындары ШҚО әкімі Ермек Көшербаев көшет отырғызды.

 «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыста көгелдандыру жұмыстары қарқынды. «Қазақстан» тауында өткен көшет отырғызу шарасына көпбалалы ана Олеся Каликинада қатысты.

 «Қазақстан» тауына 500 түп көшет егілді. Аймақ басшысы Ермек Көшербаевта акция аясында көшет отырғызды. Әрі өңір азаматтарын қоршаған ортаны қорғауға шақырды.

Биыл облыста 123 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу көзделген. Облыстың белсенді жастары қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шарадан шет қалған жоқ.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған экологиялық акция әлі де жалғасып жатыр. Ал сенбілікке қатысуға ниет білдіргендер саны күн санап артып келеді.