Биыл халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл. Өскемен тұрғындары 7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне орай батыр бабамыздың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Өскемен тұрғындарымен Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, ҚР тұңғыш қорғаныс министірі Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады.
Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбеков мұндай шаралар жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыруға, олардың Отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға әсер ететіні сөзсіз,- дейді.
Шарадан «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубтарының балғындары да қалыс қалмады. Көненін көзі болып жүрген ақсақалдар батыр бабаларымыздың ерең еңбектері қазіргі ұрпаққа үлген өнеге,- дейді.
Бұл күні су тасқынына қарсы шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқан өңір тұрғындары марапатталды.