Глубокое ауданында Жеңіс күніне орай мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Эльдар Тумашинов, тыл ардагерлері қатысты. Соғысқа ауданнан 20 мыңнан астан азамат аттанған.

Глубокое ауданынан майдан шебіне аттанған жиырма мыңнан астам азаматтың 12-і кеңес одағы батыры атанған. Жеңіс күніне орай кент тұрғындары мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Шараға 92 жастағы тыл ардагері Елена Ступак та келген. Ардагер өскелең ұрпаққа бейбіт өмір тіледі.

Жеңіс күніне орай соғыс ардегері Казаченко Николай Иваноич тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Николай Казаченко майданға 1941 жылы аттанған. Ол кезде жаз сарбаз небәрі 28 жаста болған.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін аудан әкімі Элдар Тумашинов соғыс және тыл ардагерлерінің үйін аралап, мерекемен құттықтап қайтты