Өскеменде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Мақсат – халықтың құқықтық сауатын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Шара барысында кез келген азамат заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін консультация алды. Олардың арасында өңірге белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары бар.

 «Халық заңгері» акциясын асыға күтетін тұрғындар мамандардың кәсіби көмегі көптеген мәселелердің шешімін табуға жол ашты деп отыр. Шараға келген азаматтардың көпшілігі денсаулық, әлеуметтік және жер саласына қатысты сауалдарымен келген көрінеді.

Акция халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Азаматтардың өзекті мәселелеріне жедел әрі жан-жақты жауап беру сала мамандарына қойылған негізгі талаптардың бірі.

 «Халық заңгері» республикалық акциясы еліміздің барлық ірі қалаларында жылына бір рет, бір уақытта ұйымдастырылады. Биыл аймақта бастама аясында Өскемен, Риддер, Алтай қалалары мен Күршім ауданы тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсетіліді.

Шара барысында тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілді. Адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Шараға келген азаматтардың басым бөлігі заңды жақсы білмейтіндіктен, адвокаттар мен мемлекеттік органдардан тегін кеңес алуға болатынынан бейхабар екендерін айтты.Ал биыл 530-ға жуық өңір тұрғыны акция аясында мамандардан тегін құқықтық көмек алды.