Өскеменде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.

Жиналғандар ең алдымен құрбан болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан соң «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Рәсімге қатысушылардың пікірінше, бұл оқиғаларды еске алу - ел ішіндегі татулықты, құрметті нығайта түседі.

Шараға қатысушылар ел өткенін ұмытпай, тарихын білуі қажет екенін айтады. Тарихтан тағылым алып, бейбіт өмірдің қадірін білу - бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.