Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы». Бұл бастама – қарапайым еңбек адамдарының беделін арттыруға бағытталған. Өңірде өнер мен еңбек саласын ұштастырған ерекше оқу орны бар. Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі – аймақтың ғана емес елдегі мәдениет саласының дамуына оған қажетті мамандарды даярлау ісінде жемісте қызмет етіп келеді. Білім ордасының үйлесімді жұмысы жайлы әріптесім Нұртас Қайролдаев тарқатсын.
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі жұмысшы мамандықтардың беделен арттыру, олардың қажырлы еңбегін халық арасында насихаттаудың тың тәсілін жүзеге асырып жатыр. Оқу орнының педагогтері студенттерге білім беру бағдарламасын жыл сайын түрлендіріп отырады.Мәселен, биыл жұмысшы мамандықтар жылына орай режиссура мамандығы бойынша тәлім алатын студенттер қарапайым еңбек адамдарының образын сомдау, көрерменге шынайы эмоцияны жеткіудің қыр-сырын меңгеруде. Училище оқытушылары бұл бастама аясында қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы маңызын өнер арқылы жеткізуді көздеп отыр.
Жоғарғы оқу орындарында, колледжде білім алып жатқан жастардың басым бөлігі қалада қалып, қызмет жолын қолайлы ортада бастағысы келетіні анық. Алайда, ауылдағы мәдениет саласының дамуына үлес қосқысы келетіндер де жоқ емес. Солардың бірі - өнер училищесінің 4 курс студенті Аружан Назарханова. Ол болашақ мамандар еңбек жолын ауылдан бастаса, өзге саладағы қатарластары да бұл үрдісті жалғастырар еді деген пікірде.
Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі түрлі мәдени шаралар арқылы еңбек адамдарының қызметін насихаттауды жалғастырмақ.