Облыста тұратын соғыс ардагерлерінің әрқайссына бір жарым миллион теңгден берілді. Ал концлагер тұтқындары мен тылда еңбек еткендерге елу және жүз мың теңгеден көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, облыс әкімі Ермек Көшербаев ардагерлермен кездесті.
Өңір басшысы Ермек Көшербаев облыстағы соғыс ардагерлерімен көптің сүйікті орнына айналған Солжағалау кешенінде кездесу өткізді. Аймақ басшысы әрбір ардагерді ыстық ықыласпен қарсы алды.
Тоқсан алтыға келген шағында әндеткен Мәнсара Нұрғазина тыл ардагері. Ақжаулықты әжеміз кездесуге жиналған жастарға бата беріп, жылы сөздерін жеткізді.
Облыстағы ардагерлерге оқушылар мен студенттер, волонтерлер жыл он екі ай қамқорлық көрсетеді. Ал аймақ басшысы Ермек Көшербаев
Президенттің құттықтауын жеткізіп, сый-сыяпатын жасады. Сонай-ақ тұңғыш рет 14 ардагерге Шығыс Қазақстан облысының «Құрметті ардагері» атағы берілді. Кездесу соңында өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді шырқады