Облыста бір күнде 70-ке жуық жұп некелерін қиды. Ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдау қазақстандықтар үшін дәстүрге айналған. Атап өтерлік жайт, әлемде үйлескен сандары бар күні некеге отыру біздің елде ғана кең таралаған.

Жас жұбайлар үшін неке қию өте маңызды сәт.Ал Өскеменде 24 сәуір күні бірден 70-ке жуық жұп отбаслық өмірге қадам басты.

Ал неке қию үшін жас жұбайлар тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттарымен келуі керек. Кейін өтінім берген соң рәсімді

салтанатты жағдайда өткізуін немесе өткізбеуін өздері таңдайды.

Иа өміріндегі ең маңызды сәтті қазіргі жастар ерекше атап өткісі келеді. Ал ата-ана үшін балаларының бақытты болғаны маңызды.

Биыл 24 ақпанда некесін қиюға ниеттенген жастар қатары артқан. Бұл күні 15 жұп отбасын құрған.