Өңірдің әдеп жөніндегі кеңесі кезекті жиын өткізді. Бұл жолғы жиында бірнеше мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік істері қаралды.  Лауазымды тұлғаларға қатысты қандай шешім шығарылды?
Бұл жолғы отырыста Риддер қаласы әкімі орынбасары мен сәулет қала құрлысы бөлімінің басшысыныңа қатысты тәртіптік істер қаралды. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты жергілікті тұрғын шағым түсірген. Шағымға сәйкес жүргізілген тексеріс барысында Риддер қаласы әкімінің орынбасары қызметіне сай емес әрекетке жол бергендігі анықталған көрінеді.
Биыл әдеп жөніндегі уәкілдердің біліктілігін арттыруға бағытталған 300-ден астам семинар өткен.

Жиын соңында әдеп жөніндегі кеңес төрағасы мемлекеттік қызметшілерге күнделікті жұмыс барысында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.