Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге ресми сапармен барды. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізді. Сондай-ақ екі елдің басшысы Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысты. Қазан айында Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толды.  Былтыр екі ел арасындағы сауда-саттық 30 пайызға өсіп, 24 млрд долларды құраған.  Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша алыс-беріс 5 пайызға өсіп, 18 миллиардтан асып отыр.