Өскемен қалалық полиция басқармасы Назарбаев даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында жақында орнатылған жаңа жол белгісі бойынша түсініктеме берді. Енді бекітілген ережені бұзғандар  алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.
Бұл жаңалық өткен аптада әлеуметтік желі қолданушылары мен автокөлік жүргізушілері арасында қызу талқыланды. Себебі, жол жүру ережелеріндегі өзгерістер мен жаңа белгілер орнатылғаны көпшіліктің көңілінен шықпады. Халық арасында дау-дамайға жол бермеу мақсатында сала мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сергей Коваленконың айтуынша, белгіні орнату кезінде барлық нормалар сақталған. Белгі 200 метр қашықтықта орналасқан, анық көрінеді. Ал, жол жүру ережелерін бұзған көлік тізгіндеушілерге жауапкершілік қарастырылған.
Дегенмен, барлық автокөлік жүргізушілері бұл қиылыстың жаңа ережелеріне үйренбеген.
Сала мамандары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және мұқият болуға шақырады.