Сондай-ақ Үкіметте көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша құжат елімізге білікті кадрлардың келуін ынталандыруға, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғауға және өңірлер арасындағы демографиялық теңсіздікті жоюға бағытталған. Осы мақсатта шетел кәсіпкерлеріне «инвесторлық виза» енгізу көзделіп отыр. Ол Қазақстан аумағында тұруға, бизнесін тіркеуге, мүлікке иелік етуге, қызметкерлер жалдауға мүмкіндік береді. Әрі тұжырымдамаға сай, Қазақстанның азаматтығын алғысы келгендер мемлекеттік тілді және біздің тарихымыз бен Конституциямызды қарапайым деңгейде білуге міндетті болады. Бұдан бөлек маңызды құжат аясында этникалық көші-қонды реттеу көзделген.  Осы мақсатта америкалық грин картаға ұқсас «Ата жолы» картасын енгізу көзделіп отыр.
Сондай-ақ Тамара Дүйсенова зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендетуге қатысты депутаттардың ұсынысына жауап берді. Айтуынша Үкімет пен Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінен құрылған жұмыс тобы бұл мәселені қарап жатыр.