Елде  жаңа экономикалық саясаттың іске асырылуы жастардың  ғылымға деген қызығушылығын арттырды. Ал жоғары оқу орындары аталған саланы дамыту үшін студенттерге қажетті жағдайды жасап жатыр. Себебі,ел ертеңі білімді,бәсекеге қабілетті ұрпақтың қолында.
Ғылым саласы аймақта қарқынды дамып келеді. Жастардың бастамасымен іске асырылып жатқан түрлі жобалар бұған дәлел. Мәселен өскемендік студенттер жаңа,қоршаған ортаға зиян келтірмейтін сабын жасауды қолға алған. Жас ғалымдардың айтуынша, оны өндіруде табиғи материалдар пайдаланылған.
Студенттер тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен университет академиясының базасында өздерінің стартап жобаларыніске асыруға мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда StartUp Academy білімгерлердің 7 бастамалық жобасын ұсынды.
Жас ғалымдар өздерінің тың жобаларымен түрлі байқауларға қатысып, өздерін таныта білді. Ұсынылған жұмыстар бірегей, тәжірибеде  іске асатындай болуы керек деген қатаң талапта қойылған.Байқауды ұйымдастырушы тарап қатысушылардың жұмысын экономикалық және әлеуметтік әсері бойынша  бағалаған. Жобаға қатысуға барлығы 19 өтініш келіп түскен.  Жастар шет тілдерін меңгеру, университетте экосфераны қалыптастыру, тиімді технологияларды дамыту тақырыптарында жобаларын ұсынған. Сондай-ақ ауыл және мал шаруашылығы, химия өнеркәсібін дамыту сияқты түрлі тақырыптардағы бастамаларда байқауда сыннан өткен.