Өскеменде "Қазмырыш" ЖШС-нің форумы өтті. Басқосу ірі ақша сомасына келісімшарттар жасап, меморандумға қол қойылғандығымен ерекше болды.
Жаңа отандық өндірістердің дамуына серпін беру, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - дәл осы аталған мақсаттарды Президент 2025 жылға дейін импортты алмастыру бағдарламасында атап өткен болатын. Бұл мақсатта "Қазмырыш" ЖШС ірі тау-кен металлургиялық компаниясы «Серіктес» байқауын бастаған болатын. Байқаудың басты мақсаты импортты алмастыру үшін жаңа бағыттарды іздеу. Бастама шағын және орта бизнес субъектілері арасында танымал.
"Қазмырыш" ЖШС басым көпшілік мекемелер үшін басты стратегиялық серіктес болып табылады. Солардың бірі -Шығыс Қазақстан техникалық университеті. Университет тау-кен металлургия компаниясымен ұзақ уақыт жұмыс істейді. Осы орайда "Қазмырыш" ЖШС кәсіби кадрларды даярлау саласында серіктес болып қана қоймай, мекеменің маңызды әлеуметтік жобаларын белсенді қолдайтындығын айтып өткен орынды. Соның нәтижесінде бастамалардың бірі қаржыландыру түрінде қолдау тапты.
Ынтымақтастық аясында компания шағын бизнестің аяққа тұрып, елдің болашағына өз үлесін қосуына мүмкіндік беруде дейді мердігерлер.
Сарапшылардың пікірінше, аталған байқау шағын және орта бизнес субъектілері үшін импортты алмастыруды ұлғайтуға таптырмас мүмкіндік болған. Қаржыландыруға үміткер бола отырып, отандық тауар
Серіктестер форумы18 миллиард теңгеден астам сомаға меморандумдар мен оффтейк-келісімшарттар жасаумен ерекшеленді. Осылайша, 13 отандық өндіруші мен 1200 жергілікті қызметкер өз күштерін тек аймақтың ғана емес, бүкіл елдің бизнес ортасын дамытуға жұмсауда.