Облыстық ПД криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткіні сату және сақтаумен айналысқан ер адамды қолға түсірді. Тәртіп сақшылары осылайша ірі есірткі арнасының жолын кесті.
Өскемендегі үйлердің бірінде тәртіп сақшылары есірткі заттарын сатумен айналысқан 39 жастағы азаматты қолға түсірген. Анықталғандай, күдікті мемлекетаралық іздеуде жүрген. Тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде полицейлер спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған  790 полиэтилен ораманы тапқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адамды мүлкін тәркілей отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.