Өскеменде алкогольдік сусындарды  астыртын өндіріп келген   үш ірі цех әшкере болды. Бұл көлеңкелі бинзесті өңірлік кірістер және экономикалық тергеу демартаментінің қызметкерлері анықтады. Заңсыз бизнеске байланысты  4 қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында  қолдан жасалған акциздік маркамен шыққалы тұрған 30 мың дана спирттік өнім тәркіленді. Олар заңсыз өндірілген тауарларды тек  қалаға емес, облыс аумағындағы сауда  орындарына  саудалап отырған. Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы  жалпы елімізде заңсыз айналымнан 783 мың дана контрафактілік арақ тәркіленген. Бұл шамамен  800 мың литр болады . Онымен 10 теміржол цистернасын толтыруға болады екен.ф