ТЖД мамандары балаларға қыстағы қауіпсіздік шараларын түсіндіретін мультфильм шығарды. Өңірдің құтқарушылары жоба көптің  көңілінен шығып жатқанын айтады. Оқушылар ата-аналарына мультфильм арқылы не біліп, түйгенін айтып жарысуда.
 «Тентек пен Айя» атты мультфильм балаларға қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіреді. Сала мамандарының айтуынша, басты мақсат оқушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі мағлұматты жеңіл түрде жеткізу.
Мультфильм желісі бойынша Тентек сырғанақ теуіп, қармен ойнағанды жақсы көреді. Әрине, ол қауіпсіздік шараларын сақтау туралы қаперге де алмайды. Тентекті жөнге салу үшін оның досы Айя әрқашан қасында жүреді. Айяның кеңестері мен ұсыныстарын қысқы демалысты жарақатсыз өткізгісі келетін түгел балалар мұқият тыңдауы керек. Ал, Тентек рөлін сомдаған- 2 сынып оқушысы Айсұлтан Төреқан. Ол болашақта құтқарушы болғысы келеді.
Ал, ақылды Айя рөлін сомдаған 5 сынып оқушысы Еңілік Төреқан. Ол Тентекке бағыт-бағдар көрсетіп, дұрыс жол көрсетеді. Еңілік Төреқанның айтуынша, бұл Айсұлтан екеуінің алғашқы жобалары емес екен.
Мультфильм облыс орталығының мектептерінде көрсетілді. Ұзақтығ 5 минутқа созылатын мультфильм оқушылардың көңілдерінен шықты.   
Айта кетейік, бұл – облыс құтқарушыларының Тентек пен Айя туралы шығарған үшінші мультфильмі. Бұған дейін өрт қауіпсіздігін сақтау, судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы мультфильмдер шығырылған болатын.