Қаладағы кітапханалардың бірінде жыл сайынғы дәстүр бойынша «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оған студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, педагогикалық және шығармашылық қоғам өкілдері қатысты.
Көрмеге келушілер мерейгерлердің өмірі мен қызметі туралы және шығармашылық мұрасымен таныса алады. Шараның негізгі мақсаты - Ұлы Даланың тұлғаларымен оқырмандарды қайта қауыштырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту. Ұйымдастырылған әдебиеттер экспозициясы негізгі төрт бөлімнен тұрады.
Үшінші бөлімнің атауы - «Өнермен өрілген өмір». Қалың көпшілік бұл жерден қазақ аспаптық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлы және Париж сахнасында өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың шығармашылығымен таныса алады. Сонымен қатар, Қазақстанның Халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың да мерейтойы.
Тарих пәнінің мұғалімі Гүлназат Зейноллаеваның айтуынша, мұндағы кітаптардың азаматтарға берер тағлымы мол. Жастар оқу арқылы рухтанып, тарихымызды тереңінен түсіне алады.
Келушілердің назарына ұсынылған көрме жыл көлемінде жұмыс істейді. Оқырман кез-келген уақытта келіп, қалаған кітабын оқуға мүмкіндігі бар.