Облыстық  Өнер мұражайында  «Уақыт палитрасы» көрмесі ашылды. Көпшілік назарына ұсынылған бірегей көрменің өзіндік ерекшеліктері туралы келесі бейнематериалда.
 «Уақыт палитрасы» көрмесінде музей қорында құнды жәдігер ретінде сақталып келген 42 картина көпшілік назарына ұсынылды. Экспозицияға қойылған суреттердің бірақатары ондаған жылдар бойы өнер сүйер қауымға жол тартпаған. Бұл туындылар портрет, натюрморт пен авангардтық стильде орындалған жұмыстар.
Көрмеде белгілі суретші Юрий Негодаевтың авангардтық стильдегі картиналары қойылған. Оның суреттері қиялмен өрнектелген құпияға толы, түрлі теңеулерден құрастырылған. Солардың бірі – «Түннен шыққан бөлтірік» туындысы.  
 «Уақыт палитрасы» - көрмесі 20 және 21 ғасырдағы атақты отандық және шетел суретшілерінің тың туындыларын бір жерде тоғыстырды. Түрлі стиль мен әр түрлі жанрда орындалған бірегей картиналар көрермендерін тәнті етіп, тамсандыратыны анық.