Өңірде камералық оркестрдің кезекті концерті өтті. Мерекелік кеш көпшілікке ерекше рухани демалыс сыйлады. Жанды тербетер жағымды әуендер үлкен-кішінің бірдей көңілінен шықты.
Камералық оркестрдің көркемдік жетекшісі Ольга Штрауб мұндай шаралар өлкенің мәдени саласының қарыштап дамуына айрықша үлес қосуда деген пікірде.
Құлақ құрышын қандырған классикалық музыка кеші тыңдармандарды ерекше әсерге бөледі. Қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбектің айтуынша, жағымды әуен әрқашан көңіл-күйді көтеріп, жұмыс жасауға күш-қуат сыйлайды.
Көрермендер концертте бір сәт оркестердің мың құбылған иірімді, қарқынға толы әуеніне шабыттанса, бірде нәзік те мөлдір лирикаға бөлене түсті.
Мәдениет пен өнер қашанда қоғам дамуының рухани дамуына жол ашатын негізгі саласы. Мұндай шараларды алдағы уақытта да жиі ұйымдастырып тұру жоспарда бар, дейді ұйымдастырушылар.