А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ербол Бейілханмен «Көк Тәңір-ау, көңіліме күй қондыр...» атты кездесу өтті. Ақынмен кездесуге зиялы қауым өкілдері, студенттер және шығармашылыққа қызығушылығы бар жандар қатысты.
Ербол Бимұратұлы 1974 жылы МХР-ның Бай-Өлке аймағының Үш Ойғыр елді мекенінде дүниеге келген. Ақынның «Жас толқын», «Бай бесік тұмалары», «Астана-жыршуағым», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Баян-Өлгейден балғын жыр», «Азаттық таңындағы азат жыр», «Тілтолғау» атты жыр жинақтары бар.
Ербол Бимұратұлы Алтайдың арғы бетіндегі қаймағы бұзылмаған қазақы болмыс-бітімнің құнарын бойына сіңірген ақын. Кездесу барысында ақын өзінің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы сөз қозғады.
Сондай-ақ, ақын «Әжімсіз жүрек», «Маралоты», «Мәжнүнтал», «Құсқанаты» атты төрт кітаптың және «Біз екеуміз» атты өлеңдер авторы.
Кеш қонақтары автормен сырлы сұхбат құрды. Жиын соңында ақын өз қолтаңбасын қалдырып, кітапханаға және жастарға кітаптарын сыйға тартты.