Сайлау процесінің ашық әрі әділ өтуі тікелей коммиссия мүшелері мен байқаушыларға байланысты. Өңірдегі сайлау учаскелерінде бүгін 1000-нан астам тәуелсіз байқаушы жұмыс істеді. Алдын-ала арнайы семинар-тренинг өтіп, сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін олар өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарды.
Өскемендегі дауыс беру учаскелеріне ағылған халықтың қарасы бүгін қалың болды. Тіпті тұрғындардың біраз бөлігі түске дейін өз таңдауын жасады. Тәуелсіз байқаушы Руфит Ахмедзиянов сайлау учаскелерінде тәртіп басты назарда,  заң талаптарының бұзылуына жол бермедік, - дейді.
Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясында 500-ден астам тәуелсіз байқаушы арнайы семинар-тренинг оқыту іс-шараларынан өтті. Сайлау учаскесінде болуы мүмкін деген түрлі жағдайлар да тренингтер аясында назардан тыс қалмады. Облыс аумағындағы барлық сайлау учаскелерін байқаушылармен қамтыдық, дейді штаб мүшесі Аяужан Әшімова.
Қазір байқаушылардың қоғамдағы қажеттілігі арта түсті. Олар саяси күш ретінде қабылдана бастады. Бұл біздің елдің демократиялық бағытта келе жатқанын көрсетеді.