Өскеменде Наурыз мейрамына орай әртүрлі көрмелер ашылды. Мұнда салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты туындыларды, сондай-ақ шеберлердің  мереке қарсаңына арнап жасаған жұмыстарын көруге болады.
Өскемендік суретші Гүлнар Бекбердинова Наурыз мерекесіне арналған триптих жасаған. Бұл картиналарды жасауға Оралхан Бөкейдің «Мезгіл әуендері» шығармасы түрткі болған.
Ал О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада кітап көрмесі ашылды. Бірегей фотосуреттер мен көркем безендірілген басылымдар Наурыз мерекесінің ізгі дәстүрлерінен сыр шертеді.
Көктем мерекесі суретшілер мен жазушыларды жаңа туындылар жасауға шабыттандыратыны сөзсіз. Ал, мереке қарсаңында ашылған көрме «Наурыз»  туралы көптеген қызықты мәліметтерді білуге мүмкіндік береді.