Өз елі ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кеменгерді.Өскемендегі облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында актер Алмат Сақатовпен кездесу өтті. Жиынға қаладағы кітапхана қызметкерлері  қатысты.
Алмат Сақатов бұрынғы Марқакөл ауданының тумасы. Жастайынан сахнаға шығып, әртүрлі қойылымдарда ойнаған. Актер, сатирик. Веб-сериал, Комедия, Экшен жанрларында фильмдерге түскен. Өнер майталманы  театр режисері, актер Марат Сақатовтың ұлы. Ол әкесінің атын өшірмеу үшін өнер жолында жүргенін айтады. Тұлғаның осы жолы туған жеріне ат басын бұруыда берекер емес екен.
Жиында қадірлі мейманға сан-алуан сұрақтар қойылды. Өскемендіктер өнер иесіне қошемет көрсетті, ақжарма тілектерін арнады.
Салтанатты шарада актер мекеме күнделігіне өз қолтаңбасын қалдырды. Әкесі Марат Сәйдешұлы жайлы жазылған ғұмырнаманы сыйға тартты.