Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – ұстазға жүктелген маңызды міндет. Білімді өскелең ұрпақ қалыптастыруда бар саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған ұстаздар арамызда аз емес. Сондай  ұлағатты жанның бірі – «Қалжыр орта мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Ләйлә Кәкенқызы жаңартылған білім оқулықтары  және оқу- әдістемелік құралдары, оқу дисктерінің жазылуына сүбелі үлес қосып жүр.