Бүгінгі қоғамда ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру, оларды мамандыққа баулу ерекше маңызды. Аймақта жетім балаларға арналған білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кеңесінің отырысы өтті. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған шарада көптеген өзекті мәселелерді талқылады.
Өскеменде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова қатысты. Оның сөзінше, жасөспірімдер, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің бәсекелестік әлеуетін арттыру үшін республика көлемінде қолға алынған  жұмыс көп.
Жиында балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтік ортаға бейімделу, оларға психологиялық қолдау көрсету және балалар үйлерінен шыққаннан кейінгі өмірі туралы сөз қозғалды.
Конференцияда республиканың әр аймағынан келген балалар мен жасөспірімдер  үйлері директорлары  өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады.