Облысқа Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки іс сапармен келді. Ол аймақтағы ғылыми орталықтардың жұмысымен танысып, кездесу өткізді. Басқосуда қандай мәселелер көтерілді тілші тарқатсын.
Жиында президент тапсырмасы бойынша «Ғылым және технологиялық саясат» туралы заң жобасы дайындалып жатқаны айтылды. Жобаның басты мақсаты- ғылыми бағыттағы жұмыстарды өндіріске жақындату. Баспасөз конференциясында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағыттағы даму жолдары да талқыланды.
Ғылым мен өндірісті ұштастыру – заман талабы. Екі бағыт тығыз жұмыс істеу үшін ЖОО-ның рөлі ерекше. Бүгінде университеттер инновациялық экономиканы дамытудың орталықтарына айналуда. Ал, бұл тұрғыда студенттердің оқыту жүйесін өзгертіп, жаңа буындағы мамандарды дайындау шарт дейді, - ғылым комитетінің төрағасы Дархан Жұмақанұлы.
Өңірде ғылымға өзіндік үлесін қосып жүрген студент жастар мен түрлі жоба жетекшілері екі бағыттың байланыса жұмыс істеуін құптайды.
Соңғы жылдары ғылым мен білімге көп көңіл бөлінуде. Осы саланы қаржыландыру көлемі де жыл санап артып, үш есе өскен. Ал, түрлі жобаларды іске асыру, шетелде білім алу бойынша қосымша қаражат бөлінуде.