Ұстаздарға құрмет көрсетілді
Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт қаладағы №1 балалар музыка мектебінде де өтті. Салтанатты шараға шаһар педагогтері жиналды. Жиында ұстаздарға әріптестері, шәкірттері мен білім саласының өкілдері жылы лебіздерін білдірді. Ал үздік мұғалімдер көп жылғы еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін марапатталды.
Ұстаздар күнінде білім беріп, баланың қабілетін ашуға және өз жолын табуына бағыт-бағдар беріп жүрген педагогтерге ерекше алғыс айтылады. Өйткені ұстаз – болашақ мамандарды тәрбиелейтін тұлға. Инженер мен дәрігерден бастап, басшы мен ғалымға дейінгі мамандардың қалыптасуына мұғалімнің еңбегі зор. Осы орайда қалалық білім бөлімінің басшылығыда келген ұлағат иелерін төл мейрамдарымен құттықтап, тамаша тілектерін жеткізді.
Думанғазы Арғынғазин, Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы:
Мұғалімдерді құттықтаймын. Өскемен қаласында 5 мыңнана астам мұғалімдері бар. Ең бірінші байлық денсаулық деймін, екіншісі творчествалық табыс тілеймін. Шәкірттерді тәрбиелей берсін, өз профессиясына лайықты жұмыс атқарсын.
Салтанатты шара барысында педагогика саласының үздік өкілдері кәсіби шеберлігі, мамандығына деген адалдығы және көп жылғы еңбегі үшін алғысқа ие болды. Солардың бірі Жанат Мұхаметкалиева. Ол 45 жылдан астам уақытын мектептегі ұстаздық қызметке арнап, қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп келеді. Көп жылғы еңбегі, кәсіби біліктілігі және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін педагог «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Жанат Мұхаметқалиева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Еңбек өтілім 45 жыл барлық әріптесерді ұстаздарды, барлықтарыңызды бүгінгі ұстаздар мерекесімен құттықтаймын. Мен 45 еңбек өтілімде бала тәрбиелеуде еңбек сіңірген ұстазбын.
Мерекелік концертті жас өнерпаздардың шығармашылық қойылымдары қорытындылады. Сахнадан ұстаздарға күнделікті еңбегі, сабыры мен жауапкершілігі үшін алғыс айтылды. Себебі бүгінгі шәкірттің болашағын қалыптастыруда педагог еңбегінің орны айрықша.
Нұрдәулет Қалибеков