Негізгі Жаңалықтар Жас полицейлер ант қабылдады

Жас полицейлер ант қабылдады

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің 50-ден астам жас қызметкері салтанатты түрде ант қабылдады. Республика алаңында өткен гарнизондық саптық жиында олар қызметке ресми кірісті. Маңызды рәсімге жас полицейлердің ата-аналары мен жақындары да қатысты.

Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жас мамандарға қызметтің жауапкершілігі жоғары екенін айтты. Әрбір шешім мен әрекеттің салдары бар екенін атап өтіп, күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға дайын болу қажеттігін жеткізді. Ал ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев жастарға қызметтік борышқа адал болып, азаматтарға құрметпен қарауды тіледі. Ант қабылдаған жас полицейлер бұдан былай қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызмет атқаруға кірісті.


Бөлісу