Өскеменде халықаралық би күні аталып өтті. Бишіліер «Жібек жолы» жобасы аясында өнер көрсетті. Шараға жергілікті өнерпаздардан бөлек Шымкент, Павлодардан келген ұжым қатысты.
Көз тартар киім, әуезді әуен. Бұл бишілерді түрлендіре ерекшелген шара. Салтанатты кеш шымылдығы «Қазына» би ансамблі ашты. Қожындарында Түйген орамал, Айналма сынды 180-нен аса би бар. Көркемдік жетекшісі Зәуре Ажыбекова.
Қонақтардың бірі «Нұр» би ансамбілі де айрықша өнер көрсетті. Сахна төрінде әр түрлі ұлттардың тұрмыс тіршілігіне негізделген билер биледі. Басты мақсаттары көрерменнің құрмет қошеметіне бөлену.

Өскемендік «Алтай» би ансамбілінде барлығы жаңарған. Киіген киім де, көресткен өнеріде. Бишілер сахна төрінде жаңа бидің тұсауын кесті. Жалпы бұл ансамбілдің құрамында 30-ға жуық адам бар. Көркемдік жетекшсісі, балетмейстер, мәдениет саласының үздігі Тимур Қожахметов.

Өнерпаздар бұл жобаның тиімділігі зор дейді. Бір-бірімен тәжрибе алмасатындарын айтады. Олар мұндай кештер жиі өтіп тұрса деген пікірде.

Алдағы уақытта осы сынды кеш Шымкент қаласында да өтпек. Оған «Алтай» ансамбіліде қатысады. Басты мақсат тәжрибе жинап, көрермен көңілін асқақтату.