Облыстық әуесқой бокс федерациясына жаңа басшы келді. Бұл лауазымға Жанболат Қазанов тағайындалды.
Басқосуға аймақтағы бокс спортының дамуына өз үлесін қосып жүрген ардагер бапкерлер және спорт мектебі директорлары , спортшылар қатысты.
Сәуір айының 24 – 30 күндері жасөспірімдер арасында бокстан ел чемпионатын Өскеменде өткізу жоспарда бар. Байрақты бәсекеде жас былғары қолғап шеберлері бақ сынасады.
Жанболат Қазанов облыстағы әуесқой былғары қолғап шеберлерін іріктеу және жасөспірімдер арасындағы чемпионатты ойдағыдай өткізу туралы жоспарларымен бөлісті.