Өскеменде отбасы күніне орай, «Мәдениетті ана, мәдениетті ұлт» жобасының аясында 9-11 сынып оқушылары арасында «Қыз – ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы өтті. Шараның мақсаты - ұлттық құндылықтарды жастар арасында дәріптеп, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарға негізделген жөн-жоралғыларын кеңінен насихаттау.
Байқаудың талаптары бойынша, арулар бірнеше кезеңнен тұратын сайыста алдымен өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды.
Шараның ұйымдастырылуына жауапты, жарыстың басы-қасында жүрген - «Jan ana» қоғамдық бірлестігі.
Сайыста бақ сынасқан бойжеткендер бір-бірінен қалыспай, жеңіске деген құштарлықтарын көрсетті.
Тәрбиелік мәні зор, тағылымды іс-шара көрермендерінің көңілі жадырап, әдемі кештен ерекше әсер алды.