Өскеменде бұрын-соңды болмаған тың жоба жүзеге асты. SAMGA даму орталығы мен «EDB Media» орталығының «9_16» атты қысқаметражды кинотуындысы көрерменге жол тартты. Туындыда басты рөлдерді 9 бен 13 жас аралығындағы жергілікті балалар сомдаған.

 «EDB MEDIA» орталығының негізгі бағыты – кино индустриясы. «9_16» фильмі – балаларға арналған ең алғашқы туындыларының бірі. Жоба авторларының айтуынша, кино түсіруге балалардың өзі ұсыныс білдірген.

 «9_16» фильмі – балалардың өнерге деген ынтасын арттырып қана қоймай, Шығыс Қазақстан киноиндустриясының жаңа тынысы болмақ. Жергілікті жас таланттарға жол ашқан бұл жоба – үлкен белестің алғашқы табалдырығы.

Фильм тек балаларға ғана емес, ата-аналарға да ерекше әсер сыйлады.

Бұл жоба өскеменде кино өнерін дамытуға, балалардың аталған саламен жақынырақ танысуына жасалған алғашқы қадам.