Елорда төрінде 1-29 маусым аралығында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында VII Параспартакиада өтеді. Төрт жылда бір өтетін турнир 5 өңірде ұйымдастырылады. Спартакиадаға 2000-ға жуық пара спортшы қатысады. Әр құрама 17 спорт түрі бойынша бақ сынайды.
Спартакиада 17 спорт түрін қамтиды. Оның ішінде 7 спорт түрі Астанада, қалғандары Ақмола, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ұйымдастырылады. Соның ішінде пара үстел теннисі мен велоспорт жарысы биыл алғаш рет шығыста өтеді.
Облыс құрамасының сапында 31 спортшы өнер көрсетеді. Олар 7 спорт түрі бойынша сынға түседі. Дайындық жоғары деңгейде, жүлдеден үміттіміз,- дейді бапкер.
Айта кетейік, спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі бүгін Астанададағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтті. Ал жабылу салтанаты 30 маусым күні Өскеменде ұйымдастырылады.