Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Атаулы күнде облыс орталығында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, патриоттық сезімін нығайту. Жиын барысында рәміздердің тек мемлекеттік атрибут қана емес, ұлттық рух пен елдің болмысын айшықтайтын құндылық екені айтылды.

Елдік пен егемендікті айқындайтын шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен басқарма басшылары, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Мемлекеттік рәміздер – елдің тәуелсіздігін, тарихын, рухын бейнелейтін маңызды нышандар. Бұл айтулы күнді ескеріп, маңызын түсіну баршамыз үшін қажет, деді аймақ басшысы.

Бүгінгі мерекенің тағы бір ерекшелігі – жас мемлекеттік қызметшілердің ресми түрде ант қабылдауы. Жас қызметкерлер алдында жауапты жол тұр.

Мемлекеттік қызметке орналасқан әр табанды жастың ант қабылдауы – кәсіби жолындағы алғашқы әрі жауапты қадам.

Мемлекеттік қызметші алдымен өзжұмысына адал қызмет ете отырып, мемлекеттің мүддесін қорғау керек. Бұл - ү묬кен сенім, үлкен міндет, дейді ант қабылдаушы қызметкерлер.

Ұйымдастырылған шарадан волонтерлер де шет қалмады. Олар қала тұрғындарына мемлекеттік ту мен символикалық ленталар таратты.

Рәміздер күні - әр азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталған. Сондықтан да бүгінгі күн – тек рәміздерді еске алу емес, оның маңызын арттыру арқылы ұлықталады.