Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында облыс әкімі ауданның экономикалық өсімі, инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Кездесуге келген тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, толғандырған мәселелеріне қатысты нақты жауап алды.
Ауданда 2029 жылға дейін 127,3 млрд. теңге көлемінде жеке инвестиция тарту көзделіп отыр. Соның арқасында соңғы жылдары ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік бағытында бірнеше жоба жүзеге асқан. Мысалы, Рулиха ауылында 480 бас ірі қараға арналған сүт-тауарлы ферма кеңейді, ал Шемонаиха қаласында 154 орындық «Балу» ойын-сауық орталығы мен шұжық цехы жұмысын бастаған. Бұдан бөлек, биыл «Сивер плюс» кәсіпорны 380 млн. теңгеге сүт өңдеу өндірісін іске қосты, ал ұн тарту-комбинаты қуатын арттырды. Туризм бағыты да назардан тыс емес. Қазіргі таңда ауданда туристерге арналған 22 орын тіркелген, биыл жалпы құны 68 млн. теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асып жатыр. Әкім визит-орталық ашуды, республикалық тасжол бойында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуды тапсырды.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс қазақстан облысының әкімі:
Аудан әкімі туризм басқармасымен бірлесіп ауданда Визит орталық ашу бойынша ұсыныстар енгізуді, санитарлық торап орнатумен Уба өткізу пунктін абаттандыру бойынша шара қабылдауды, Казавтожол облыстық филиалымен бірлесіп республикалық трасса бойында санитарлық гигеналық тораптарды орнатуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Мерзімі келер жылдың 1 маусымына дейін. Туризм сезоны басталған кезде бұлардың барлығы бітіп тұру керек.
Денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай жетістік бар. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Волчанка ауылында амбулатория құрылысы аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, биыл ауданда нәресте мен ана өлімі тіркелмеген. Сонымен бірге қатерлі ісік 12,8%-ға, қант диабеті 33,2%-ға азайған.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс қазақстан облысының әкімі:
Ауданда денсаулық сақтау ұйымдарының мед техникамен жабдықталуы 89 пайыздың үстінде құрайды. Медецияналық нысандарды жабдықтаудан бөлек білікті кадрлерде қажет. Осы мақсаттта жыл сайын мамандардың біліктілігін арттыру үшін жетекші шетелдік клиникаларға жіберіп отырамыз.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыру аясында Вавилон ауылдық округіне қарасты Сугатoвка ауылындағы өрт сөндіру бекетіне барып, өртке қарсы жабдықтардың дайындығымен танысты. Бағдарлама ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс қазақстан облысының әкімі:
Әкімшіліктен жергілікті хрестяской хозястволармен бірлесе отырып бекеттің өзін саламын, ішіндегі жарақтарын аламыз. Ал ТЖМ тарапынан тиісті өрт сөндіру машиналарын қамтамасыз етеді. Сөйтіп екіжақтан берлесе отырып қолға алдық. Өйткені өрт сөндіру бекеттері аудан орталығынан шеткері ауылдардар болады. Оған барам дегенше көптеген алқаптар өрте оранып кетеді оны тоқтату да қиын. Ал әр ауылдың округте осындай бекеттер болса бірден өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыра қояды.
Алдағы уақытта бұл өрт сөндіру бекеті облыс әкімі мен ҚР ТЖ министрінің қатысуымен ресми түрде ашылмақ. Жаңа нысан төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартып, өңірдегі өрт қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бекарыс Секен