Өскеменде «Қауіпті жүргізуші» жедел профилактикалық шарасы басталды. Оның аясында тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын-алады. Бұдан бөлек, бекітілген талапты орындамай, ережені елемегендер ерекше назарға алынады.
Рейд барысында жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне ден қойылды. Инспекторлар жылдамдықты асырып, қарсы жолаққа шыққан, масаң күйде көлік жүргізген азаматтарды анықтауда. Мұнымен қоса бірнеше рет жауапқа тартылған көлік жүргізушілеріне де назардан тыс қалмады.
Бейбіт Мұсақанов, Өскемен қ. ПБ ППБ рота командирі:
«Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық 7 желтоқсанға дейін жалғасады. Тәртіп сақшылары бір тәуліктің ішінде 200-ден астам құқбұзушылықты тіркеді.Оның ішінде масаң күйде көлік жүргізген 1 азамат пен көлік басқаруға рұқсаты жоқ тұлға анықталды.
Әрбір көлік құралын басқаратын жүргізуші жолда жауапкершілік пен қырағылық танытып, қауіпсіздіктің негізгі шарттарын сақтауы тиіс. Мамандар жол қозғалысының барлық қатысушыларына ережелерді қатаң сақтап, өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге құрметпен қарауға шақырды.
Аяулым Усинова