Өңірде кәсіп ашып, ісін дөңгелетіп отырған азаматтар көп. Олар үшін өнім сапасы бірінші орында. Ішкі нарықты отандық тауармен қамтып отырған азамттар өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға негізделген жылу желілері мен су құбырларына және желдету жүйесіне қажетті затты өндіреді. Бұл істің басы – қасында жүрген еңбеккерлер өмірі мен өнім өндірудің технологиясы туралы келесі сюжетте.

Мырышпен қапталған немесе полиэтилен қабықшасы бар оқшауланған құбырлар 30–50 жыл қызмет етеді. Олар жылуды өте аз жоғалтады. Сондықтан мұндай құбырлардың басты артықшылығы-жылуды жақсы сақтайды.

Серік Ақбердинов, кәсіпорын директоры:

Сынақ кезіндегі бұл құбырлардың жылу жоғалту көрсеткіші 2-3% құрайды, ал қайта жөндеу кезінде құбырларда жылу жоғалту деңгейі 25% немесе 30% жетеді.

Бұл жерде диаметрі 159 мм болатын құбырлар өндіріледі. Желінің өткізу қабілеті өнім көлеміне байланысты. Бұл құрылғының көмегі арқылы зауыт қызметкерлері күніне 400 метр құбыр шығарады. Бұл өлшемнен бөлек диаметрі 800 мм дейін болатын құбырларды өндіреді. Барлық өнімдердің басты артықшылығы - құбырдың жағдайын жедел бақылауды қамтамасыз ететін және ықтимал зақымдануды уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін дабыл сымның болуы.

Виталий Григорьев, өндірістік цех басшысы:

Біз бұл өнімді 2012 жылдан бері шығарып келеміз. Бұрын құбыр жарылғанда, шұңқырды тапқанша 100 метрге дейін қазатынбыз. Сигнал сымы терминалға сигнал жібереді және ең жақын өлшегішке қайда қазу керектігін көрсетеді.

Полиэтилен құбырлар жоғары сапалы материалдан жасалады. Шикізаттың балқу температурасы 300 градусқа жетеді.Сондықтан жұмыс барысын мұқият бақылау қажет. Негізінен желі ішіндегі қысымды сақтау керек. Бұл талаптың орындалуы құбырдың жарылуына және қандай да бір ақаудың болмауына септігін тигізеді.

Өңір шикізатты өңдеуден бастап жоғары технологиялық өндіріске дейін әртүрлі салалар бойынша өңдеу өнеркәсібін қарқынды дамып келеді. Биыл облыс бойынша мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы 326 жоба қолдауға ие.

Досжан Болатбек, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:

Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібіне жалпы сомасы 67 млрд теңге инвестиция тартылып, 114%-ға өсті. Ұлттық инвестициялық жобалар пулы аясында құны 1,1 триллион теңгені құрайтын елу сегіз жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 29 жоба өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, оның жалпы сомасы 964,9 млрд.теңге.

Өңір экономикасының дамуына жергілікті кәсіпорындар мен зауыттар барынша үлес қосуда. Түрлі салаға инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Ішкі нарық өзімізде өндірілген өнім түрлерімен толығып, Отандық тауар өндлірісі дамып келеді.

Салтанат Кеңесбекқызы