«Салынған айыппұлды уақытылы төле». Өскеменде берешегі бар және оларды төлеуден жалтарып жүргендерді анықтау мақсатында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы басталды. Рейдтік тексеріс кезінде ұсталған көлік жүргізушілеріне қандай шара қолданылады? Олардың жалпы қарызы қанша тілші айтсын.

Айыппұлды, алиментті төлеуден жалтарып жүрсеңіз, әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз. Бұл – облыстық полиция Департаменті мамандарының ескертуі. Рейд барысында мобильді топ борышкерлердің автокөліктерін тоқтатып, төленбеген әкімшілік айыппұлдарының бар – жоғын тексерді. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

 «Борышкер» жедел алдын алу шарасы желтоқсанның үшінде басталды. Мамандардың айтуынша бірінші күннің өзінде 190 азаматқа айыппұл төлеу туралы хабарлама табысталған. 12 қаулы жеке сот орындаушыларына жолданды. 5 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілген.

Нұрсұлтан Қырықпаев, Өскемен қ. ПБ ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы:

Егер тұлға қысқартылған тәртіп бойынша 7 күн ішінде айыппұлды төлемесе ол толық айыппұлға ауытсырылады. Өз еркімен төлеуге бір ай уақыт беріледі. Ал белгіленген мерзімнен айыппұл төленбеген жағдайда хаттама мәжбүрлеп орындау үшін құқық бұзушының жұмыс орнына немесе жеке сот орындаушыларына жолданады. Ал олар жеке мүлкіңізге арест салуы мүмкін. Ерікті түрде төлеу мерзімі өтіп кеткен төленбеген әкімшілік айыппұлдарыңыз болса әкімшілік кодекстің 785 бабына сәйкес сіз басқарып отырған көлік құралы мамандандырылған автотұраққа қойылады.

Бұл тек бір реттік рейд емес, ол азаматтардың құқықтық санасын көтеру жолындағы маңызды қадам. Жедел алдын алу шарасы желтоқсанның бесіне дейін жалғасады.

Гүлдана Айдарқызы